Қоғам

Ресейлік саяхатшының Петропавлдағы дәрісі

 

Осылайша мәскеулік жиһангер жігіт Антон Кротов автоаялмен, кейде жаяу-жалпылап та жер шарының 800 мың шақырымын бағындырған екен. Ол Еуразия мен Африканың 70 елінде болыпты. Саяхатшы өткен жылы өз үйінде тек 2 ай ғана қонған, өмірінің басым бөлігі үнемі жол үстінде өтеді. Ең бастысы, бас пен төлқұжаттан айрылмау керек дейді. Әйтпесе, оны Батуми қаласында бір аптаға түрмеге де жауып қойған екен. Саяхаттауда 22 жылдық тәжірибесі бар Антон Кротовтың айтуынша, сапарға кез келген адам шыға алады, бірақ, жанның қалауы болуы керек.

 

Антон Кротов: ерікті саяхатшы:

-Егер уақытыңыз асып жатса, ең алдымен өз еліңнен бастау қажет. Көрші облыстарды түгесіп болған соң, жақын маңдағы Ресей, Қытай, Моңғолия, Иран, Беларусь, Украина мен Тайландқа баруға болады.

 

Антон Кротов алғашқы саяхатын 14 жасында бастаған. Жасы қазір 37-де, үйленбеген. Тыңдаушылардың бірі неге отбасын құрмадыңыз деген сұраққа ол жер шарында менсіз   де халық жетіп жатыр, мен өмірімді ел-жер тануға арнадым деп жауап берді. Антонның болмысы өзгеше, оның өмір сүру салты біреуге түсініксіз болып та көрінер. Жылдам және тіке сөйлейді. Бірақ, әңгімесі тартымты. Зал толы адамдарды қызықты әрі күлкілі оқиғаларымен бірден баурап алды. Тыңдаушылардың арасында Кротов сияқты қыдырғысы келетіндер де табылды.

 

Елена Жигульская:

-Мен өнерді қатты сүйемін. Әсіресе, Еуропаны аралағым келеді. Сапар өте қызықты боларына сенімдімін.

 

Жиһангер биыл Өзбекстан, Германия және Мадагаскар аралына баруды жоспарлап отыр.

 

Данаш Хамзина