Балалар

Бүлдіршіндерді сахналандырылған ойын арқылы тәрбиелеу

 

Педагогтарға арналған семинардың 6-шы сабағында театр-хореографиялық қойылым Чуковскийдің “Мылжың шыбын” ертегісі көрсетілді. Туындының басты кейіпкері – шыбын ұшып жүріп, ақша тауып алады. Оған базарға барып, үлкен самаурын сатып алып, достарын үйіне шақырады. Күтпеген жерден өрмекші де келіп, оларды жемек болады. Бірақ ертегі сәтті аяқталады. Өйткені шыбынның достары көмектесіп, өрмекшінің арам ойын жүзеге асыруға кедергі жасайды. Мұндай танымдық сабақтар балабақшаларда ай сайын ұйымдастырылып тұрады. Тақырып та сан алуан. Және оған мектепке дейінгі тәрбие беретін 45 педагог үзбей қатысады.

 

Бақыт Ғабдуллина, облыстық білім басқармасының әдіскері:

– Барлық аудандар мен қаладағы еңбек өтілі 3 жыл болатын педагогтардың бәрі белсенді түрде сабағымызға қатысып жатыр. Және бұл семинар сабақтың соңында ең үздік педагогты анықтаймыз.

 

Мұндай шара келесі айда “Нұрбөбек” балабақшасында өтеді.

 

Гүлбану Ахметова