Мәдениет

Балауыз мүсіндер көрмесі

Жаратылысы мен болмыс-бітімі елден ерек, қасиеті мен қабілеттері таңданыс туғызған жандардың балауыз мүсіндерін жасап шығу шеберлерге оңайға соқпағаны көрініп тұр. Өйткені, мұндағы қойылған туындылардың барлығы бұрынғы өмір сүрген адамдардың шынайы бет-бейнесін айнытпай көрсетіп тұр. Олардың арасында ең ұзын саусақ пен мойынның, ең үлкен құлақ пен аяқтың иелері, алып егіздер мен ергежейлі егіздер, жалғыз көзді кісі – циклоп пен қасқыр ағайындылар бар. Сонымен қатар көрмеден халыққа сүйікті «ШРЕК», «Звездные войны», «Джентльмены удачи» сияқты фильмдердің кейіпкерлерін кездестіруге болады. Ал бұл мүсіндердің біреуінің құны 10 мың еуро тұрады.

 

Юлия Офсянкина, балауыз мүсіндер музейінің менеджері, Санкт-Петербург қаласы:

– Біз Қазақстанға араға 5 жыл салып тағы келіп отырмыз. және Қазақстанның барлық қалаларында балауыз мүсіндерінің көрмесін ұйымдастырдық. Бірінші осы Петропавлда өткізген болатынбыз. Және Ресеймен шекаралас болғандықтан қайтарда тағы осында көрме өткізуді жөн санадық.

 

Көрмеге қойылған балауыздан жасалынған 50 мүсіннің барлығының өз тарихы бар. Мәселен, мына Ражкумар Чакраборти бәрін таң қалдырмай қоймайды. Өйткені үнділік қария құдайға сиыну барысында 11 сағат бойы қимылдамай, кірпік қақпай отырған. Осы аралықта оның қолына құстар ұя салып үлгерген екен. Мұнда келген мектеп оқушылары   мүсіндердің әрқайсысынан алған әсерлерімен бөлісіп қана қоймай, естелік суретке де түсті.

 

– Біз бұл көрмені тамашалау үшін ауылдан келдік. Өз басым мұндай мүсіндерді алғаш рет көріп тұрмын, маған олардың ішінде циркте өнер көрсеткен егіздер қатты ұнады.

 

– Ал маған Бостандық статуясы ұнады. Және мұндағы қойылған мүсіндердің көзі тірі адамның көзінен айнымайды. Тірі адамдар сияқты.

 

Балауыз мүсіндер көрмесін 19 мамырыға дейін тамашалауға болады. Тек көрмеге кіру ақылы.

 

Гүлбану Ахметова