Ауыл шаруашылығы

Мал ауруларының алдын алу шарасы

 

Александр Тагиров үй шаруашылығында 3 сиырды бағып күтеді. Қарамағындағы ірі қараның әрбірінің куәлігі мен жеке нөмірі бар. Отағасы негізгі азықпен қатар табыс көзіне айналған зеңгі баба төлдерін түрлі жұқпалы ауруларға қарсы егіп тұрады. Бұл жолы да құнажұндардың терісінің астына дәрі жіберілді. 72 сағаттан кейін сараптама қорытындысы дайын болады.

 

Александр Тагиров:

– Ауруды емдеу өте қиын ғой. Сондықтан алдын алған жөн. Мал өнімін асқа пайдаланамыз. Сиыр сүтін немерелерім ішеді. Артылғанын сатамын. Сондықтан ауруға шалдықпағанын білуім керек.

 

Жылына екі мәрте егілетін вакцина тегін таратылады. Айта кететін жайт егіліп жатқан дәрі-дәрмек қазақстандық үлгі. Жалпы облыс орталығында 500-ге тарта ірі қара, 110 бас жылқы мен 300-ден артық қой-ешкі бар екен. Бұл төлдердің барлығы сақтық шарасынан шет қалмайды. Әрбірі өкпе аурулары мен сібір жарасына қарсы қорғаныш дәрмектерін алулары тиіс. Бүгінде мал дәрігерлері төрт түліктің жартысынан астамын тексеріп үлгеріпті.

 

Ыбрайым Күрпенов, Петропавл қалалық ветеринарлық станциясының директоры:

– Қара малды бруцеллезге, туберкулезге қарсы тексеріп жатырмыз. Сібір жарасына қарсы вакцина егеміз. Жылқыларды сап ауруына қарсы тексереміз. Биыл сараптама ауру мал шыққанын көрсеткен жоқ. Қала мал  сау деп есептейміз. Былтыр 3,4 ауру мал анықталды. Бірден сойылып, өңдеу цехына жіберіледі.

 

Алдағы мамыр айының соңына дейін межеленген жоспар толығымен орындалады дейді мамандар. Жалпы көктемгі егу жұмыстарына 1,5 млн теңгедей жұмсалмақ.

 

Жеңіс Ермұқанов