ТКШ

«Қызылжар су» тұтынушылар алдында есеп берді

 

«Қызылжар су» ЖШС «Петропавл су» АҚ-ның негізінде өткен жылы құрылған болатын. Кәсіпорын басшылығы 2012 жылдың төртінші тоқсанында жасалған жұмыстар бойынша есеп берді. Осы уақыт аралығында серіктестік 3 млн текше метр су таратып, шамамен осынша мөлшерде ағынды суларды қабылдаған. Жалпы негізгі кірістің мөлшері – 309 миллион теңгені құраған.

 

Елена Петрова, «Қызылжар су» ЖШС экономисі:

– Кәсіпорын шығынының мөлшері – 12 млн теңге. Арнайы жоспарға сәйкес, судың бағасы көтерілсе, су есептеуіш құралдарын орнатқандар тарифтің көтерілгендігін байқамайды. Айырмашылықты есептеуіш құралдарын орнатпағандар сезінуі мүмкін.

 

«Қызылжар» ЖШС-де шамамен 950 адам қызмет етеді. Кәсіпорынға түскен қаржы негізінен жұмысшылардың жалақысы мен жөндеу жұмыстарына кетеді дейді кәсіпорынның бас директоры Аслан Сатин.

 

Аслан Сатин, «Қызылжар су» ЖШС бас директоры:

– Серіктестіктің тұтынушылары – қала тұрғындары мен барлық кәсіпорындар. Тұтынушы абоненттердің жалпы саны – 99565. Жалпы абоненттердің 73 пайызын жеке тұлғалар құрайды.

 

Қоғамдық жиынға қатысқандардың көбін негізінен судың бағасы көтеріле ме деген сұрақ мазалады. Кәсіпорын мамандары бұл ретте мамыр айының соңына дейін сұранымдар қабылданып, соған байланысты шешімдер табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінде қаралатындығын айтты.

 

Әспет Әбдірешова