ТКШ

Облыс орталығында қатарынан екі сенбілік өткенімен, нәтиже көңіл көншітерлік емес

 

Көктем шыққалы  қатарынан екі бірдей жалпықалалық сенбілік өтті. Алайда №23 орта мектеп бұл жұмысқа енді кіріскен. Мынаны қараңыз, мектеп ұжымы күл-қоқыс жинауды шағын орталықтың тәрбиеленушілері далаға ойнауға шыққан уақытта жүргізуде. Мұны қалай түсінуге болады. Ал түзету мектеп-интернаты болса сенбілікті уақтылы өткізген. Алайда қоқыс толы қаптарды әлі ешкім әкетпеген. Жиылған жапырақтар тау-тау болып үйіліп жатыр. Жел үрлесе, еңбектің еш кетері бесенеден белгілі. Қала тазалығына жауапты коммуналдық кәсіпорындар болса асығар емес. Бұл жерде тағы бір мәселенің ұшы шығып отыр. Интернат қоршауының сыртынан көршілес үйдің тұрғындары заңсыз қоқыс төгетін орын ашып алыпты. Оған кінәліні табу қиын, өйткені жатақханада пәтер иелері кооперативі жоқ. Коммуналдық қызметтегілер тіпті, кей жерлердегі контейнерлерді уақтылы тазалауға да салғырттық танытуда. Солардың бірі Мир көшесіндегі үйлердің аулаларының бірінде тұр. Қоқыс орнының қоршауы қираған, контейнерлердің де тозығы жетіпті. Олқылықтарын оңдатуға тұрғындар да асығыстық танытпауда. Сонда күл-қоқыс шығарушыларға не үшін ақша төлеп отыр.

 

Гүлнар Жақсылықова, МСЭҚД коммундалдық нысандардың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау жетекшісі:

-Контейнер қоятын аумақтардың әбден тозығы жеткен. Қоқыс салатын контейнерлердің өзі ауыстыруды талап етеді. Біздің міндетіміз тиесілі аумақтардың тазалығын сақтауды қадағалау. Жұмыстар бекітілген заңға әрі жоспарға сәйкес жүргізілгендігін қалаймыз.

 

Қаланың тазалығы бірінші кезекте әр ауладан басталуы керек емес пе?. Оған әркім жауапты болуы тиіс. Сонда ғана одан нәтиже шығады.

 

Гүлнар Жақсылықова , МСЭҚД коммундалдық нысандардың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау жетекшісі:

-Кәсіпкерлер өз ғимараттарының қасбетін ғана емес, оған қоса нысан айналасын да қалыпқа келтіруге міндетті. Бірақ оны атқарып жатқандар шамалы. Жасалған ескертуден нәтиже шығармағандарға заң бойынша әкімшілік айыппұл салу қарастырылған.

 

№ 32 мектептің жанындағы үйілген қоқыстан аяқ алып жүре алмайсың. Оған осы маңдағы көлік жуу мен дәмхананың қожайыны кінәлі. Мұндай көрініске “Петушок” балабақшасы тәрбиеленушілерінің де көздері үйреніп кеткен. Бірақ өз аумақтарын уақтылы жинапты.

Көпқабатты тұрғын үйдегілердің дені тазалыққа үн қоспағанға ұқсайды. Солардың бірі Батыр Баян көшесіндегі 61 мекен-жай. Мұнда тіпті шыбық басы сындырылмаған.

 

Самат Есмағи