Энергетика

Екінші жылу-электр орталығының жабдықтары жаңартылуда

№ 2  жылу электр орталығында инвестициялық бағдарламалардың аясында 2009 жылдан бастап ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бірнеше қазандық пен турбиналар қалпына келіріліп, жылу мен жарықты өндіруге қажет тағы басқа маңызды құрылғылар жаңартылды. Өткен жылы кәсіпорын жөндеу жұмыстарына 4 млрд 300 млн теңге бағыттапты. Орталық директоры Виктор Бармин қуаттылықты арттыру мақсатында биылдыққа 5 млрд 645 млн теңгені игереміз дейді.

 

Виктор Бармин, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ ЖЭО-2 директоры:

-Бірнеше қазандықты ауыстырамыз. Осылайша, біз 345 мега ватт қуаттылықты 2015 жылға жылға жақын 435 мегаваттқа дейін арттыруды жоспарлап отырмыз.

 

Аталған оң өзгерістерге кәсіпорын энергетикалық салаларды дамытуға арналған Үкімет қаулысының аясында қол жеткізіп отыр.

 

Марат Мұстафин, ҚР табиғи монополиялаларды реттеу агенттігі облыстық департаментінің директоры :

-Бүгінде бұл қаулының атқарған рөлі айтарлықтай. Барлық жұмыс құрылғылардың сенімділігін, жылу қуаты мен қауіпсіздік деңгейін арттырып, қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттардың көлемін азайтуға бағытталған.

 

Кәсіпорын басшылығы 2015 жылға қарай жылу мен жарықтың қуатын 80 пайызға өсіріп қана қоймай, құрылғылардың сапалылығын 97 пайызға жеткіземіз деп шамалауда. Сондай-ақ, өздерінің қажеттіліктеріне жұмсалатын энергияны да үнемдемекші.

 

Данаш Хамзина