Қоғам

Арнайы топ сенбіліктер барысын қадағалайды

Ал тазалық сақтамай, өз аумақтарын қоқыстан арылтпаған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов тұрғындарды белсенділік танытып, өздері тұратын жердің ауласы мен маңайын таза ұстауға шақырды.

 

Қайрат Бекенов, облыс әкімінің орынбасары:

– Петропавл – бұл біздің облыстың орталығы. Сондықтан да оның таза әрі көрікті болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Ол үшін нақты жұмыс жоспары әзірленді. Арнайы мобильді топ құрылды. Олар кәсіпорындарға бекітілген аумақтарды суретке түсіріп, базаға енгізіп отырады. Соған сай, кейін ескертулер жасалады.

Әспет Әбдірешова