Қоғам

Петропавлда 40 шырша отырғызылды

Атадан мал қалғанша тал қалсын деген сөз бар халықта. Осы дана өсиетті ескерген бір топ солтүстікқазақстандық сенбі күні қолдарына күрек алып, Мағжан ескерткішінің маңына шырша егуге шықты.

 

Мағжан Иманбетов, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының маманы:

– Республикалық акцияға байланысты «Жасыл жапырақ» шарасы өтуде. Біз табиғи ресурстар басқармасынан жастар белсенді қатысудамыз. Бұл өте маңызды деп ойлаймын. Себебі бұл болашақ үшін жасалуда. Ауаны тазартады, экологиямызды дұрыстайды.

 

Мына кішкене шыршалар облыс аумағындағы орман тәлімбақтарында өсірілген. Қазір олардың әрқайсысына жеті-сегіз жыл. Ұзақ өмір сүрудің нышанына айналған мәңгі жасыл шырша болашақта осы маңға көрік беріп тұрады дейді шараны ұйымдастырушылар.

 

Әспет Әбдірешова, тілші:

-Ағаш отырғызып, тал егу – тазалық пен әсемдіктің белгісі. Айналаны жасыл желектендіру жұмысына біз де үлесімізді қосып, арнамыздың атынан мына көшетті отырғыздық.

 

«Жасыл жапырақ» шарасына бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, қалалық әкімдік және облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары атсалысты.

 

Зарап Құсайынов, «Қызылжар нұры» газетінің шеф-редакторы:

– Біз бүгін «Қызылжар нұры» мен «Солтүстік Қазақстан газетінің атынан өзіміздің бір ағашымызды ектік. Енді соны күтімге алмақшымыз.

 

Барлығы бұл күні саябақ маңына 40-қа жуық шырша көшеті отырғызылды. Жалпы облыс бойынша осы жылы 12000 жас көшет егу жоспарланып отыр.

Әспет Әбдірешова