Спорт

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы турнир

Ислам Ілиясов – Ақжар ауданынан келген, тоғыз жасар спортшының ауыр атлетикамен айналысқанына үш жыл болыпты. Турнир ұйымдастырушыларының айтуларынша, оның болашағы зор. 

Ислам Ілиясов, жарысқа қатысушы, Ақжар ауданы:
– Маған штанга ұнайды. Мен Илья Ильин сияқты спортшы болғым келеді. Бүгінгі жарыста жеңіске жетуден үміттімін.

Михаил Фадеев пен Владимир Вербицкий де болашағынан үміт күттіретін спортшылар. Олар – спорт шеберлігіне үміткерлер. Бірнеше мәрте республикалық сайыстарға қатысып, облыс намысын абыроймен қорғаған.

Владимир Вербицкий, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:
– Төрт жыл болды айналысқаныма. Түрлі қалаларға барып, жарыстарға қатыстым, Шымкентте бірінші орынды жеңіп алдым, Қазақстанның екі мәрте чемпионымын, облыс чемпионымын, екі рет “Ақ бидайға” қатысып, жүлделі орындарға ие болдым.

Михаил Фадеев, штангист, г. Петропавловск:
– Ауыр атлетикамен бес жыл бұрын айналыса бастадым, кездейсоқ келген болатынмын, біртіндеп жарыстарға қатыса бастадым, Шымкентте Қазақстан чемпионы атандым. Қазір спорт шеберлігіне дайындалып жүрмін. Осы жарыста жеңіске жетемін деп ойлаймын.

Жарыс ұйымдстырушыларының айтуларынша,  болашақта жеңіс тұғырынан көріне алатын  жас спортшылар өңірде аз емес, тек оларды мұнда ұстап қалу қиын болып отыр, спортпен айналысуға жағдай жасалған басқа қалалар шақырып алып кете береді, бұл жөнінде ойлану керек дейді облыстың ауыр атлетикадан бас бапкері Ерік Әлібев. Ал осы жолғы жарыстың жеңімпаздарына маусым айының соңына қарай Қостанай облысында өтетін республика біріншілігіне жолдама беріледі.