Білім

Өңір мектептерінде оқу жетістіктерін сырттай бағалау аяқталуға жақын

Бірер сәттен кейін Әл-Фараби мектеп-лицейінің мына 21 оқушысы тапсырмаларды орындауға кіріспек. Әзірге оларға емтиханның барысы түсіндірілуде. Айта кету керек, бірінші рет тәжірибе ретінде осы және №7  орта мектептің оқушылары компьютер арқылы берілген тапсырмаларды орындауда. 4 пән бойынша. Әзірге шәкірттер  тек қазақ тілінен емтихан тапсыратындарынан хабардар. Қалған 3 пән    мемлекеттік тілдегі тестерді орындап болғаннан кейін белгілі болмақ. Әр пән 20 сұрақтан тұрады. Сауалдарға жауап беру үшін әрқайсысына 30 минут беріледі. Алғашқы болып тапсырмаларды Бахтияр Есентаев орындап шықты. Оқушы 20 сұрақтың барлығына дұрыс жауап бергендігіне сенімді екенін айтты. Жалпы, сынақ науқаны жүріп жатқан мекептердің дені қағаз жүзінде тест тапсырған. Солардың ішінде бүгін емтиханнан өткен №5  орта мектептің 12 оқушысы да бар. Қалған 100 оқушы тапсырмаларды компьютер арқылы орындады.Жалпы мектеп оқушылары 80 сұрақтың бәріне дұрыс жауап беріп, 80 ұпай жинауы керек. Бұл жоғарғы көрсеткіш. Ал бүгінгі күнге дейін сынақ  тапсырған білім ошақтарының ішінде Айыртау ауданындағы Саумалкөл №2 орта мектебінің оқушылары көш басында тұр.

Гүлбану Ахметова