Білім

Абай және Махамбет оқулары

Байқауға қатысушылар 3 аталым бойынша сынға түсті. Олар мәнерлеп өлең оқыды, құйқылжытып ән орындады және жүректен шыққан өз төл туындыларын таныстырды. Мектеп оқушысы Гүлдерай Икласова  Абай поэзиясымен сусындап өсуде. Бүгін бұндай сынға бірінші рет қатысып отыр. Десе де, болашағынан мол үміт күттіретін Гүлдерай өзіне нық сенімді. Ол Абайдың өнегелі 50 өлеңін жатқа біледі. Ал, Гүлзат Кощүгүлова жаныма Махамбет жырлары жақын дейді. Әрі батыр, әрі ақын, Махамбет Өтемісұлы серігі Исатайдың ерлігін көп жырлаған. Тимирязев ауданынан келген Ақылбек Мусин домбыра шертуден өнерін көрсетті. Ол Абайдың “Торжорға” мен “Май түні” туындыларын орындады. Абай мен Махамбет оқуларында сынға түсіп жатқан жастардың талабы зор дейді ұйымдастырушылар. Соңғы уақытта кейінгі ұрпақ арасында байқауға қатысамын дегендердің саны әжептәуір артқан екен. Абай және Махамбет оқуларына қала мен барлық ауданды қоса алғанда, 80-ге жуық бала қатысты.

Гүлбану Ахметова