Құқық қорғау органдары

Ұйымдасқан қылмыстық топ қолға түсті

Олар 2006 жылдан 2013 жылға дейін коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтаруға көмектескен. Осы уақыт аралығында 25 жалған кәсіпорын ашылыпты. Келтірілген шығын 3 млрд 828 млн теңгені құраған. Алаяқтар сәуірдің 15-і  қолға түсті. Олар бұл кезде жасырын пәтерде 3 млн теңге көлеміндегі ақшаны жымқырмақ болған екен

Мұрат Жұманбай, ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша агенттігінің баспасөз хатшысы:

-Қылмыстық топты Ресей азаматы Войлошников басқарған. Топтың құрамында Вайло Е., Абилов Т., Увалиев Е., Терещенко И., Савченко А., Кузнецов С және басқа да тұлғалар болған. Бүкіл қаржылық және есептік құжаттарды Вайло жүргізген. Топтың басқа мүшелері Войлошниковтың нұсқауымен әр түрлі коммерциялық жалған кәсіпорындардың есепшоттарына түскен ақшаны қолма қол ақшаға айналдырған. Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Қаржы полициясы агенттігі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Войлошников пен топ мүшелері Абилов, Увалиев, Кузнецов, Жусупов және Вайло ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айдана Демесінова