Ауыл шаруашылығы

Аграрийлер кеңесі

Солтүстік Қазақстан облысы – еліміздің басты астықты аймағы. Сондықтан жер емген шаруаларға артылар міндет ауқымды. Оны тиісті деңгейде атқару үшін көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде бастап, уақтылы аяқтау қажет. Оған қоса, егіс науқаны барысында агротехнологиялық шараларды да естен шығармаған жөн. Ол мол астықтың кепілі. Бұл ғалымдардың пікірі. Осы жылы теріскей диқандары 4 миллион 338 мың гектар жерге ырыс дәнін сіңірмек. Белгіленген межені бағындыруға толық мүмкіндік бар. Тұқым қоры жеткілікті, машина-трактор паркі сақадай-сай, қажетті 70 мың тонна арзандатылған жанар-жағар майдың бүгінге дейін 40 пайызы шаруаларға үлестіріліпті, қажетті минералды тыңайтқыштардан да тапшылық болмайды. Ендігі жерде тек ерінбей білек сыбана еңбек ету қажет.

Самат Есмағи