Бизнес және экономика

Кәсіпкерлер ел экономикасының қозғаушы күші болуы керек

 

Отандық кәсіпкерлікті қолдау – «Қазақстан -2050» стратегиясының екінші маңызды бағыты. Бұл жайлы Елбасы сәуірдің 10 күні кәсіпкерлермен кездесу барысында тағы бір мәрте басып айтқан болатын. Жиынға «Адель-кус» ЖШС директоры Игорь Тищенко қатысыпты. Отырыста жеке іс иелері үшін аса маңызды мәселелер талқыланды дейді ол.

Игорь Тищенко, «Адель кус» ЖШС директоры:

– Жиында Елбасы алдағы бағыт-бағдарды айқындады. Бизнесмендердің маңызды проблемалары жайлы сөз қозғалды. Енді біз кәсіпкерлердің мәселелері назарсыз қалмайтындығына сенімдіміз. Өз ойларымызбен, идеяларымызбен бөлісуге дайынбыз.

Сондай-ақ қазіргі таңда жаңа заң жобасы қарастырылуда. Оған сәйкес «Атамекен одағы» Ұлттық экономикалық палатасының атқаратын қызметі кеңейтілмек.

Елена Виссарова, «Атамекен одағы» Ұлттық экономикалық палатасының СҚОФ директоры:

– Жаңа заң жобасы бойынша кәсіпкерлердің ұлттық экономикалық палатасына 54 міндет жүктелмек. Шағын және орта бизнеске сервистік қызмет көрсету функциясы да енген. Аудан орталықтарында да филиалдар ашылатын болады.

Бұл әрбір кәсіпкерге барынша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді дейді жиынға қатысушылар.

Инеш Шоқақова