Құқық қорғау органдары

Есірткі сатқан полицей ұсталды

 

Еңбек өтілінің 17 жылын қылмыспен күресіп, қоғамдық тәртіп күзетіне арнаған сезіктінің 6,48 грам героин өткізгендігі дәлелденуде. Арнайы операция барысында заңның ала жібін үш мәрте аттап, көкнәр сатқандығы анықталды. Күдік расталса, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бауыржан Аумахымов, СҚО прокурорының көмекшісі:

– Петропавл қалалық сотының шешімімен күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қылмысты құқық қорғау органының қызметкері жасағандықтан тергеу жұмыстары облыс прокуратурасының арнайы басқармасына тапсырылды. Ұсталған ҚР ҚК 259 бабының 3 тармағы бойынша айыпталып отыр. Кінәсін мойындаудан бас тартты.

Жеңіс Ермұқанов