Қоғам

Діни сауат ашу темір тордың ар жағында да қажет

 

Діни экстремизм тақырыбы бүгінгі кездесуге арқау болды. Көп жағдайда теріс ағымдағы ұйымдар аяғын шалыс басып, өмірден түңілгендерге қатты әсер етеді. Темір тордың ар жағында да теріс пиғылды секталарды  уағыздайтындар болуы мүмкін дейді мамандар.

Рустам Садуев, «ЕС-164/3 мекемесі»РММ қылмыстық атқару жүйесінің теолог-маманы:

-Қазіргі таңда байқап көрсеңіз, оңтүстік пен батыс жақтарда болып жатқан оқиғаларға байланысты түзеу мекемелеріне діни экстремизм және терроризм қылмыстары үшін көптеген жастар түсіп жатыр. Олар түрмеге түскенде қасында отырған сотталғандарға өздері ұстанған ағымдарды насихаттайды.

Сондықтан мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында бүгінгі дәрісті «ЕС-164/6» түзету мекемесінде жазасын өтеушілер тыңдап отыр. Жиында заңға қайшы әрекет ететін діни бірлестіктердің жұмысын насихаттағандарға қандай жаза қарастырылғанын, олардың тағдыры қандай болатыны айтылды.

Динара Ахметова, «ЕС-164/6» түзету мекемесінде жазасын өтеуші:

Келіп тұрады. Бізде осындай лекция жүргізеді. Пайдасы бар. Біз білуіміз керек алдауы мүмкін екенін.

Дәрістен кейін жиылғандарға өмірден алынған оқиғалардан құрылған деректі фильм көрсетілді. Онда теріс ағымның жетегінде кеткен жастың өмірі баяндалады. Ақыр соңында кейіпкер өз қылықтарына сараптама жасап, мұндай әрекеттерге барғанына өкінеді.

Айдана Демесінова