Мәдениет

Саябақтағы ойын аттракциондары тексеріліп жатыр

 

Саябақ қызметкерлері “Орбита” аттракционының жарамдылығын тексеріп жатыр. Дыбысы қатты естілгенімен, қауіпсіз екіндігіне сенім мол. Мамандар әрбір орындыққа әрбіреуінің салмағы 40 кг-дық құм толтырылған 4 қапшық салып айналдырды. Мұнда бәрі ойдағыдай шықты. Ал, “Супер свимнің” үні де естілмейді. Жуырда ғана орнатылған жаңа әткеншектің атауы “айналуы мықты” дегенді білдіреді. 30 орынған шақталған аттракцион – минутына 10 айналым жасайды.

Александр Козлов, “Мир аттракционов” ЖШС директоры:

-“Супер свим” шынжырлы әткеншегін итальяндық компания жасады. Олардың өнімдері халықаралық стандарттарға сай сертификатталған, 70-тен аса елде қолданылады. Бұған дейін, біздің инженерлер өндіруші зауытқа барып, тауардың сапалы жасалғанына өздері көз жеткізіп қайтты”.

Мұндағы орындықтар 3 түске боялған. Қызылы – балаларға, сарысы – жасөспірімдерге, ал жасыл түсті орындықтар ересектерге арналған. Бір орындықтың өзінде 6 сақтандыру құралы бар. Мамандар олардың мықтылығын 80 келі салмақ түсіріп тексерді.

Владимир Окунев, “Мир аттракционов” ЖШС бас инженері:

-Аттракциондық техниканы сынау – біз үшін өте маңызды және жауапты міндет. Барлығы байқау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. Әрбір механикаландырылған бірлік барынша күш түсіріліп тексеріледі. Содан кейін тағы да түбегейлі қарап шығамыз.

Тағы бір айта кететін жайт, бұл әткеншек сазды және іргетасы жерге 2,5 метр тереңдікке енгізілген. Сондай-ақ, мамырдың 9-на қарай балаларға ойыншық машиналармен жүруге арналған шағын трэкті де іске қосу жоспарланып отыр. Мамандар барлық 43 аттракционды әлі бір апта бойы тыңғылықты тексереміз дейді.

Данаш Хамзина