Көлік және жолдар

М. Жұмабаев көшесі Ғ. Мүсірепов көшесіне дейін ұзартылады

 

Мына жол қиылысында жаяу жүргінші түгіл көліктің қатынауы оңай болмай тұр. Жуық арада бұл аймақ өзгеріске ұшырайды. Тозығы жеткен тас жол жаңартылып, біршама кеңеймек.

Ринат Құсайынов, Петропавл қалалық ЖПБ бастығы:

-Негізгі қалаішілік көліктер көп қатынайтын магистральдарды босату керек. Жыл санап көліктер саны артып, қалаға сыймай барады. Жұмабаев көшесін жөнге келтіріп, кеңейтсек, Мир, Пушкин, Жамбыл көшелеріне түсетін салмақ азаяды.

Көлік кептелісінің кесірінен бағыттық автобустар белгілеген кестеге ілесе алатын емес. Осыдан жолаушылар тарапынан түсетін шағым жиілеп кетіпті. Бүгінде облыс орталығында 27 бағытта автобус жүреді.

Галина Семенова, “СҚО автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы:

-Автобус кешіксе шағым түседі. Үлгеремін деп тез жүрсе де жолаушылардың көңілінен шықпайды. Қайтсек те жаман атымыз шығып, жақпай жатамыз. Бұл мәселенің түйінін шешу керек.

Бастысы әрине жолаушылардың қауіпсіздігі мен қызметтің сапасын жақсарту. Ол үшін сәйкес жол қажет-ақ.

Галина Семенова, “СҚО автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы:

– Жергілікті атқарушы органдар мәселенің түйінін шешу үшін Жұмабаев көшесін Ғ. Мүсірепов көшесіне дейін ұзартуды жөн санады. Бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймыз. Жолаушы тасымалдайтын нысандардың көбі осы жерден өтеді.

Қалалық әкімдіктің өкімі шықты. Бұған кедергі болып тұрған 22 жер теліміндегі құрылыс нысаны бұзылады. Біріншіден олар тым ескі. Құлап кету қаупі зор. 20 млн теңгенің сметалық жобасы әзірленуде. Бұл жұмысты 2013 жылдың 3 маусымында бастау көзделуде.

Жеңіс Ермұқанов