Спорт

Каратэшілер сайысы

 

Былтыр осы тартысты додада жалпыкомандалық есепте Қызылжар ауданының спортшылары екінші орынға тұрақтапты. Бұл жолы құрама дайындықтарын пысықтап, бас жүлдені қанжығасына байлайтындарына сенімді. Осы жарыста аудан намысын 15 спортшы қорғауда. Солардың ішінде облысымыздың бірнеше дүркін чепионы Шыңғыс Сапуан да бар. Оның спорттың бұл түріне ден қойғанына 9 жыл.Кекушенкай каратеден аудандық ашық чемпионатты 8-9 жас аралығындағы спортшылар ашып, өзара мықтыны анықтасты.

-Қарсыласымды жеңу оңайға соққан жоқ. Дегенмен басына екі рет теуіп, жеңіске жеттім.

Тартысты додаға барлығы 250 каратэші қатысты. 20 салмақ дәрежесі бойынша. Жарыс жеңімпаздарына 3 кубок, 60 медаль тігілді.

Владимир Витченко,жарыстың бас төрешісі:

– Бұл жолғы жарысқа Қызылжар, Айыртау аудандары мен Петропавл қаласының спортшылары қатысуда. Доданың салауатты өмір салтын дамытуда пайдасы зор. Және маусым айында Жапонияда өтетін жарысқа өңірімізден 10 спортшы атанады деп жоспарланып отыр.

Сөйтіп жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды қалалық “Тұлпар” балалар-жасөспірімдер клубы алса, екінші орынға Якорь селосының спортшылары жайғасты. Үздік үштікті қалалық №42 орта мектептің каратэшілері түйіндеді.

 

Гүлбану Ахметова