ТЖ

Ажалы оттан болды

 

Сынған әйнек, күйген еден, қабырғадағы күйе. Михеев көшесіндегі 88-ші үй айтарлықтай зардап шеккен жоқ. Алайда баспана иесі үшін бұл оқиға қайғылы аяқталды. Ер адам бірден көз жұмды.

Тілсіз жау туралы хабар өрт сөндіру бөліміне сағат 10-нан 39 минут кеткенде түскен. Құтқарушыларға жапа шеккеннің көршісі қоңырау соққан.

Әзімхан Мерғасымов, №4 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы:

-Түтінді көргеннен кейін шелекке су толтырып, өрт сөндіруге кіріскен. Бірден өрт сөндірушілерді шақырды. 6 адамнан тұратын топ оқиға орнына дереу жетті. 15 минут ішінде қызыл жалынды жойдық.

Көршілердің айтуына қарағанда, үй иесі жалғыз тұрыпты. Ішімдікке әуес болған. Десе де тілсіз жаудың шығу себебі, әкелген шығыны әлі анықталуда. Қызыл жалын  уақытылы сөндірілмеген жағдайда Татьяны Шадрина да жапа шегуші еді.

Татьяна Шадрина:

-Отты сөндірмегенде біз де жапа шегуші едік.

Жыл басынан өңірімізде 205 өрт оқиғасы тіркелген. Шығынның жалпы көлемі 100 млн теңгеден асты. 13 азамат зақымданып, 27 адам көз жұмды. Оның бесеуі – бала.

Айдана Демесінова