Қоғам

Тұңғыш ғарышкер атындағы мектеп

Бүгін адам баласының тұңғыш ғарышқа ұшқанына 52 жыл толды. Қалалық №14 мектептің іргетасы Юрий Гагарин ғарышқа ұшқан жылы қаланған екен. Сол себепті білім ордасына тұңғыш ғарышкердің  аты беріліпті.

Геннадий Филатов, еңбек ардагері, Ю.Гагарин атындағы №14 мектептің бұрынғы директоры:

– 1961 жылы біздің мектептің іргесі қаланған күні Юрий Гагарин ғарышқа ұшты. Осыны ескеріп, мектеп ұжымы білім шаңырағына Юрий Гагариннің есімін берсек деген ұсынысты жоғары жаққа жолдаған. Ұсынысымыз қабылданды. Айтулы күнмен барлық оқушылар мен мұғалімдерді құттықтаймын.

Бұл күн мектеп үшін де мереке. Өйткені оқу ордасына 52 жыл толды. Мұнда бүгінгі күні 278 оқушы білім алуда. Виталий Зиль бұл мектептің түлегі. Ол мерекені жыл сайын асыға күтеміз дейді.

Виталий Зиль, Ю.Гагарин атындағы №14 мектептің оқушысы:

-Мен осы мектептің бітіруші түлегімін. Білім ордасында оқып жатқаныма еш өкінбеймін. Бос уақыттарымда спортпен, бимен шұғылданамын. Мектепте біздің оқып білім алуға мүмкіндік бар.

Мектептің 3 сынып оқушысы Михил Хайрулин Юрий Гагарин сияқты ұшқыш болуды армандайды екен. Сондықтан да ол өз қолымен ракета жасапты.

Михаил Хайрулин, Ю.Гагарин атындағы №14 мектептің оқушысы:

-Осыдан 52 жыл бұрын 12-ші сәуірде ғарышқа Юрий Гагарин атамыз ұшты. Міне бүгін біздің мектеп осы күнді атап өтуде. Біздің сыныптың оқушылары да ұйымдастырылған шараға қатысып отыр. Мен де өз үлесімді қосуды жөн санадым.

Жалпы биыл бұл мектепті 15 оқушы аяқтайды.

Гүлбану Ахметова