Қоғам

Сенатор Анатолий Башмаков Петропавлда судьялармен кездесті

 

Бұл өңірімізде жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаковтың қорытынды кездесуі. Халық қалаулысына көкейлерінде жүрген сауалдарын облыстық соттың судьялары қойды. Сауалдар алуан түрлі болды. Жиылғандарды әсіресе, қабылданғалы жатқан жаңа заңнамалар қызықтырды.

Анатолий Башмаков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Жастар және ардагерлерге қатысты заңнамаларды қарастырып жатырмыз. Егер қаражат жеткілікті болып, үкімет қолдаса, алдағы уақытта бұл заңдар да бекітілуі мүмкін. Сондай-ақ, мәжіліске зейнетақы жүйесін жетілдіру туралы заңнама да ұсынылды.

Кездесуде жастарды жұмыспен қамту мәселесі жайлы да сұрақтар қойылды.

Гүлнар Мергенова, облыстық соттың судьясы:

-ЖОО аяқтаса да, бүгінде жастар үшін жұмысқа орналасу қиын. Ата-ана ретінде бізді осы проблема алаңдатады. Осы бағытта істер атқарылып жатыр ма?

Халық қалаулысы бұл жағдай қарастырылып жатқандығын тілге тиек етті. Мейманды мұқият тыңдаған жерлестеріміз, осындай кездесулердің пайдасы зор деп отыр.

Бақыт Қасейінов, СҚО кәмелет жасқа толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы:

-Кездесу барысында мол мағлұмат алдық. Парламеттің қарауындағы жаңа заңнамаларды білдік. Көкейдегі сауалдарымызды жолдадық.

Анатолий Башмаков та басқосудың маңыздылығын айтуда.

Анатолий Башмаков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Бүгінгі кездесу пайдалы болды деп ойлаймын. Біз осы саланың қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста болуымыз қажет. Ол заңнамаларды қабылдауда септігін тигізеді. Судьялардың зейнетақы жүйесі, жастарға қатысты заңнамалар туралы пікірлерін білдім.

Айдана Демесінова