Қоғам

Өңірде «Қазақстан-2050» стратегиясын талқылауға арналған Бірыңғай ақпараттық күн өтті

Еліміз 2050 жылға дейін барынша дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы қажет. Оның жолдарын Елбасы биылғы жолдауында айқындап берген болатын. Мақсатқа жету үшін еліміздің әр азаматы ортақ іске үлесін қосуы тиіс.

Анатолий Мишин, қала әкімінің кеңесшісі:

-Еліміз қиын жағдайды бастан өткерді. Соған қарамастан мемлекетіміз алға жылжып, тәуелсіз ел болды. Елмен бірге экономикамыз да жақсарды. Бұнымен біз тоқтап қалмау керекпіз. Әлі де болса елімізді әр салада дамыту үшін бірге әрекет етуіміз қажет.

Жолдауда білім беру сапасын арттыру міндетті де жүктелген. Ол үшін ең алдымен елімізде білікті кадрлар даярлау қажет. Бұл бағытта да өңір педагогтары қайта даярлау курстарынан өтуде.

Людмила Чебакова, Бірінші гимназияның директоры:

-Соңғы екі жылда білім берудің сапасын арттыру үшін 45 жоба қолға алынды. Бұл педагогтарды заман талабына сай білімін жетілдіру, Отанның патриоттарын тәрбиелеу мақсатында жүзеге асуда. Еліміздің болашағы жастардың қолында болғандықтан біз өз кезегімізде Елбасы жүктеген міндеттерді атқарып жатырмыз.

Жиында сонымен қатар зейнетақы жинақтаужүйесін дамыту мәселесі де сөз болды. Олар бірыңғай ұлттық зейнетақы қорын құру қажеттігін қолдайтындарын айтты.

Екатерина Солоненко, қалалық білім бөлімінің әдіскері:

– Бір ғана зейнетақы жинақтаушы қордың құрылатыны біз үшін әлдеқайды тиімді деп ойлаймын. Өйткені біздің жиналатын ақшамызды Үкіметтің өзі қадағалайды.

«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауды насихаттау үшін облысымызда мұндай жиындар көптеп өткізілуде.

Гүлбану Ахметова