Қоғам

«Қызылжар» орталық мешітінің жаңа бас имамы Кенжетай Дүйсенбай қызметіне кірісті

Енді бұл қызметті Қостанай облысының тумасы Кенжетай қажы Байкемелұлы атқармақ. Ол Египеттегі Әл-Азхар университетінде білім алған. Жалпы Кенжетай Дүйсенбай 12 жыл шетелде оқыан екен. СҚО оған жақсы таныс. 2010 жылы «Қызылжар» мешітінде наиб имам болған. Жиында бас имам жоспарымен бөлісті. Азаматтар теріс ағымдарды ажырата білуі үшін қыруар шаруа тындырылмақ. Алдымен имамдар оқу-ағарту жұмыстарына білек сыбана кірісетін болады.

Кенжетай Дүйсенбай, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы:

-Халықтың діни саладағы деңгейін көтермесе кез келген жат пиғылдардың етегіне еріп, солардың ішіне кіріп те кетуіміз мүмкін. Сондықтан өзіміздің бұрынғы ата-баба дәстүрімен ұстанып келе жатқан Әбу-Ханифа мазхабымен өзіміздің дінімізді жеткізу басты мақсатымыз.

Көмекке мұқтаж жандарды қолдау «Қызылжар» орталық мешітінде оң жолға қойылған. Мәселен, өткен жылы 700 мың теңгенің жәрдемі көрсетіліпті. Үстіміздегі жылы да осындай игі шараларды іске асыру көзделіп отыр.

Кенжетай Дүйсенбай, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы:

-Қазақстан діни басқармасының қолдауымен «Зекет» қоры ұйымдастырылған. Сондықтан сол қордың жұмысын алға қарай дамыту. Намаз оқимын дегендерге сауат ашу курстарын ұйымдастыру.

Жалпы өңіріміз бойынша 64 Алла үйі, 130 имам-молда бар.

Айдана Демесінова