Балалар

Құстарға қамқорлық

Жеңіс саябағына құстардың ұяшығын орнатуға Әл-Фараби мектеп-лицейі және № 5  орта мектеп оқушылары атсалысты. Мұнда шәкірттер үлкендердің көмегімен үйшіктер мен жем шашатын арнайы ыдыстар ілді. Күн жылына бастады, енді құстар да оралады. Балалар қоршаған ортаға сән беретін қанаттыларды қорғау біздің міндетіміз дейді. Ал, бұған дейін құстардың ұяшықтары қалалық саябаққа орнатылыпты. Жалпы қанаттыларды қорғау үшін облыстық бюджеттен 55 мың теңге бөлініпті. Қанаттыларды қорғау үшін ұйымдастырылып жатқан байқауларға өңіріміздің барлық мектептері атсалысып отыр. Олар арнайы қабырға газеттерін шығарып, құстардың суреттерін салуда. Сайыс 19 сәуірде қорытындылады. Топ жарғандар сыйлықтарға ие болады.

 

Гүлбану Ахметова