Кеден

Қазақстан кеден қызметінде жеке «Call-center» пайда болды

 

Енді кедендік заңнамалар саласында кеңес алу жеңілденді. Шамамен 2 апта бұрын ғана Қазақстанның кеден қызметінде жеке «Call-center» пайда болды. Қажетті ақпаратты алу үшін «14 12» нөміріне қоңырау шалу қажет.

 

Әсемгүл Исина, СҚО кедендік бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:

Сұрақтарға мониторинг орталықтарының операторлары жауап береді. Ал, сұрақтың мәніне қарай ақпараттар қосымша өңделіп, сарапшыларға жауап алу үшін жолдануы мүмкін. «Call-center» туралы ақпарат кедендік рәсімдеу орталықтарында, өткізу пункттерінде ,шекараларда, сол сияқты әуежайларда орналастырылған стендтарда.

 

«Call-center» мониторингтік орталықтың базасында жұмыс істейді. Онда кедендік бақылаудың автоматтандырылған жүйесіндегі барлық мәліметтер жинақталыпты. Бұл жүктердің қазақстандық кеден арқылы кедергісіз өтуі үшін жасалды дейді мамандар.

 

Әсемгүл Исина, СҚО кедендік бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:

-Орталық заманауи жабдықтармен жабдықталған. Егер сіздер контрабанда жайлы білсеңіздер немесе кеден органдарының лауазымды тұлғаларының тұрпайы әрекеттері туралы шағымданғыңыз келсе, кеден органдарына байланысты ақпараттарыңыз болса, «Call-center»-ге хабарласуға болады.

 

Сондай-ақ, азаматтар орталыққа өз ұсыныстарын, тілектері мен ескертпелерін енгізе алады. «14 12» нөміріне қоңырау шалу бүкіл Қазақстан бойынша тегін.

 

Айдана Демесінова