Билік

СҚО әкімдігі және «Цеснабанк» арасындағы меморандумға қол қойылды

 

«Цеснабанк» АҚ  облыстық филиалы 2005 жылдан жұмыс істейді. Бүгінде 12 мың жерлесіміз оның қызметін пайдаланады. Оның 1500-нан астамы шағын және орта бизнес субъектілері.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

-Агроөнеркәсіп кешенінде ғана емес, өзге салаларды да дамытуда сіздермен жақсы қарым-қатынас орнатуға дайынбыз. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасына қатысып, белсенділік таныттыңыздар. Кәсіпкерлерге де бизнес-жобаларын жүзеге асыруға ықпалдастыңыздар.

 

Өткен жылы филиал тұрғындарға 1 млрд теңге және кәсіпкерлерге 1,5 млрд теңгеден астам қаржыны несиеге берген екен. Ағымдағы жылға межелеп отырған шаруалары да аз емес.

 

Дәурен Жақсыбек, «Цеснабанк» АҚ басқарма төрағасы:

-Біздің банк үшін СҚО маңызды өңірлердің бірі болып қала бермек. Аграрлық бағытты да, шағын және орта бизнес субъектілерін де дамытуға үлесімізді қоспақпыз. Петропавлда, Бескөлде филиалдарымыз бар. Новоишимкада да филиал ашуды жоспарлап отырмыз.

 

8 жыл қатарынан үзілмей келе жатқан тиімді байланысты одан әрі жалғастыру мақсатында облыстық әкімдік пен аталған қаржы институты арасында меморандумға қол қойылды. Өңір басшысы алдағы уақытта да бірқатар жемісті жұмыстар атқару көзделгенін тілге тиек етті.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

-Меморандумдағы талаптарды тезірек орындауға тырысайық.

Дәурен Жақсыбек, «Цеснабанк» АҚ басқарма төрағасы:

-Барынша жылдам орындауға талпынамыз.

 

Бұл әріптесік жөніндегі келісім облысымыздың дамуына өз үлесін қоспақ.

 

Айдана Демесінова