Қоғам

Петропавлда әйелдер «Зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы” заң жобасын талқылады

 

Бейнет түбі-зейнет. Зейнетақы жинақтау жүйесін дамыту мәселесі бүгінгі күні елімізде кеңінен талқылануда. Өйткені енді быдан былай 1998 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан 10 жекеменшік зейнетақы қорын Үкімет біріктіріп, бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын жасайды. Және ондағы қаржының сақталуына толықтай кепілдік береді. Бұл заң жобасын бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған облыстық іскер әйелдер қауымдастығы қолдап отыр. Және сенім білдіруде.

 

Күлімкөз Смаилова, Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейінің директоры:

– Зейнетақы қорларын біріктіру заң жобасын өз басым оң көзқарастамын. Оны қолдаймын. Жеке өзім сенімді болғым келеді. Үкімет оны қадағалайды және оны ешкімнің жемқорлыққа және тиімсіз қолдануына жол берілмейді дегенге сенім туу керек.

 

Заң жобасындағы жаңалықтың бірі – әйелдердің зейнетке шығатын жасын ұлғайту . Бірақ, бұл өзгеріс қолданысқа бірден енгізілмейді. Кезең-кезеңімен 10 жылда жүзеге асады. Яғни зейнетке шығатындарға жыл сайын 6 ай қосылып отырады. Сондықтан да заң жобасында нәзік жандылар бұдан былай 63 жастан зейнетке шығатындығы айтылған. Бұл өзгерістер дөңгелек үстелге жиналған әйелдерді бейжай қалдырмады. Олардың бәрі өздерінің ойын білдірді.

 

Татьяна Усманова, әйелдерді қорғау орталығының мүшесі:

– Мен 60 жылғымын. Өз балаларымды 98 жылға дейін тудым. Олардың бәрі үлкейді. Ал, мен неге осы уақытқа дейін жиналған зейнақымды ала алмаймын. Өйткені ондағылар тағы 10 жыл еңбек ету керектігімді айтты.

 

Бұл мәселені де Үкімет қарастырып отыр. Егер де нәзікжанды зейнетақы жинақтаушы қорда 3 млн 100 мың теңге жинаса , ол 50 жасында зейнеткерлікке шыға алады. Ал 5 және одан да көп балалары бар аналар 53 жасында бейнетінің зейнетін көреді.

Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Самиева да бұл заң жобасы жөнінде өз ойын білдірді. Ол нәзікжандыларды әр түрлі категорияға бөлген дұрыс дейді. Және бұрымдылардың жағдайын ескеріп, жеңілдік көрсету қажеттігін айтуда.

Бақытжан Самиева, СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

-Мемлекет осы заңды қабылдаса, жеңілдік көпбалалы аналарға, ауылда істейтін әйелдерге, ауыр іспен айналысатындарға жеңілдік болса, өте жақсы болар еді.

 

Айта кететін жәйт, зейнетақы жинақтау жүйесін жаңғырту туралы заң жобасында зиянды, ауыр жұмыс жағдайында еңбек еткендерді міндетті, кәсіби зейнетақымен қамту да жоспарланған.

 

Гүлбану Ахметова