Білім

Үшінші сынып оқушысы ғаламторда ғылыми қауымдастық құрмақшы

 

Ғылыми-зерттеу конференциясы бастауыш сыныптардың арасында 20 жылдан бері өткізіп келеді. Екі кезеңді қамтитын шараға шәкірттер өздерінің жеке жобаларын ұсынады екен. Бұл жолы ғылыми-зерттеу конференциясына қатысуға 40 оқушы өтініш білдірген. Іріктеуден тек 21  жұмыс таңдап алыныпты.

 

Оксана Тимощина, оқытушы:

– Ғылыми-зерттеу конференцияның мақсаты – оқушылардың интелектуалдық шығармашылығын арттыру. Сондықтан да шәкірттеріміз  2 сыныптан бастап ғылыми жобалармен айналыса алады. Бастауыш сынып оқушылары ғылыми жобаларын жазғанда ата-аналары мен сыныптастарының көмегіне жүгінеді. Және тақырып та сан алуан.

 

Ғылыми-зерттеу конференциясында үздік атану үшін Богдан Рыхликов та өз жобасын ұсынған. Богдан интернеттен арнайы портал құрыпты. “binar.kz” сайты білім беруге арналған. Онда кез келген оқушы өзіне қажетті мәліметтер алып, өз ойларын да қоса алады екен.

 

Богдан Рыхликов, оқушы:

– Сайт жуырда ғана жұмыс істей бастады. Онда оқушыларға қажетті материалдар көп. Сайтты құрума анам мен әкем көмектесті. Ғылыми бағытты таңдаған себебім, маған ғарыш, технология және интернетпен жұмыс істеген ұнайды.

 

Бұл сайтты ата-аналар мен мектептегі педагогтар қолдап отыр. Ал, оқушылар болса көп ақпарат алып, өз ойымызбен де бөлісуге мүмкіндік бар дейді.

 

– Мен сайтқа бірнеше рет кірдім. Маған ұнады. Көп мәліметтерді алуға болады екен.

– Сонымен қатар сайтта 4 сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған олимпиадалық тапсырмаларды орындап, өзіңді сынап көруге мүмкіндік бар.

– Сайттан керекті реферат, ғылыми жобалар оқуға болады. Және оқушылардың жаңашылдықтары жайында да біле аласың.

Оқушылар арасындағы интелектуалдық сайыс 13 сәуірде өтпек. Онда жеңімпаз атанғандар диплом және сертификатқа ие болады.

 

Гүлбану Ахметова