Құқық қорғау органдары

Тергеу органдарына – 50 жыл

 

Салтанатты жиын солтүстікқазақстандық тергеу құрылымдарының тарихы баяндалған фильм көрсетуден басталды. Бүгінде облыстық ІІД-ң тергеу бөлімшелерінде 168 азамат еңбек етеді. Жыл басынан бері оларға 1,5 мыңнан астам қылмыстық іс түскен. Бүгінде оның 500-ден артығы аяқталып, сотқа жіберілген. Облыстық ІІД бастығы полковник Мұрат Ұрұмханов тергеушілердің еңбегін жоғары бағалап, әріптестерін төл мерекемен құттықтады.

Жиында аталған салаға еңбегі сіңіп, өзінің жауапкершілігімен танылған бірқатар қызметкерлер төс белгі, мақтау қағазы және сыйақымен марапатталды. Ал бірталайына алғыс хаттар табыс етілді.

 

Жанат Аманжолов, қалалық ІІБ тергеушісі:

-Мен тергеуші болып қызмет ететінімді мақтан тұтамын. Біздер, яғни, жас мамандар үнемі алдыңғы толқын ағалардың ақылын тыңдап, осы салада тәжірибесі мол ардагерлерге қарап бой түзеудеміз.

 

Жиын мерекелік ән-шашуға ұласты.

 

Данаш Хамзина