Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары студенттермен кездесті

Мәжіліс депутаттары алдымен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының материалдық-техникалық жарақтандырылуымен танысты. Бүгінде онда үш әскери мамандық бойынша 250 студент білім алып жатыр.

Дәріс беруші оқытушылар саны – 10. Кафедрада студенттерге арнайы әскери машинаны жүргізуді үйрететін техника бар. Бірақ ол қолдан жиналған. Осыған назар аударған Бақытжан Ертаев қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Амангелді Дүйсекинге кафедраны әскери қондырғылармен жарақтандыруға қолғабыс етуді тапсырды. Бұл жерде Мәжіліс депутаттары бірнеше сабақтарға қатысып, студенттерге отансүйгіштік жайында әңгімелеп берді.

 

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Қабанбай, Райымбек, Наурызбай бабаларымыз не үшін қан төкті. Олар да өмір сүргісі келді. Бірақ біз үшін қан төкті. Өз елімізге, жерімізге ие болуымыз керек.

 

Бақытжан Ертаев студенттерге “Калашников” автоматын бұзудан жарысып көруге ұсыныс та жасады. Әскери өмірге 43 жылын арнаған халық қалаулысымен бақ сынасуға ниет еткендер де жоқ емес. Бақытжан Ертаев пен Талғат Ерғалиев универститетегі мұражайға да бас сұқты. Мұндағы 8 залға 3 мыңнан астам жәдігер қойылған. Сондай-ақ депуттар осы күні обсерватория мен жүзу бассейнінде де болды.

 

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Мен ырзамын, қуаныштымын. Осы жерде оқып жатқан студенттер бақытты. Бассейн, обсерватория, музей бар. Мұражай керемет, тарихсыз халық болмайды.

 

Мәжіліс депутаттары өңірдің тірлігімен жан-жақты танысқандарын айтты. Мәселелерді шешу жолдарын жоғары жақта талқыламақ.

 

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Біз бекерге келген жоқпыз, елдің қандай проблемалары бар, нені шешу керек. Ардагерлермен әңгіме болды. Бәрінің сұрағы әлеуметтік жағдай әрі қарай қалай болмақ. Ананың көз жасы болмауы керек, ана қанағаттануы керек. Сол себепті жеңілдіктерді ойластырып жатырмыз. Проблемалар бар, олар пенсияға 63-те қалай шығады.

 

Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Осыған назар аударған Бақытжан Ертаев атадан балаға мирас болған ұлттық құндылығымызды жоғалтпай, ғасырдан-ғасырға жеткізе беруіміз керектігін атап көрсетті. Ол өскелең ұрпақтың міндеті.

 

Әділет Мұстафин, М.Қозабаев атындағы СҚМУ студенті:

– Біз депутаттармен кездескенімізге өте қуаныштымыз. Өзімізге қажетті мол мәліметтер алдық.

 

Самат Есмағи