Қоғам

Ерлік ұмытылмайды

 

90-шы жылдары Тәжікстан шекарасында қарулы топтарға батыл тосқауыл қойған қазақстандық батальон жауынгерлерінің ерлігі баршаға мәлім. 1995 жылдың 7 сәуірі Ішкі әскерлер тарихында жауынгерлік із қалдырған ерлік күні болып саналады. Міне, осымен 18 жыл бойы сәуірдің жетісінде 17 жауынгердің рухына тағзым етіліп, ескерткіштеріне гүл қойылады. Аслан Рамазанов та тәжік-ауған шекарасында әскери борышын өтеген. 17 жерлесіміздің қаза болуын үлкен күйінішпен естідік дейді ол.

 

Аслан Рамазанов, № 6637 әскери бөлімі жедел мақсаттағы әскери батальоны бөлімшесінің патруль бастығы:

– Бұл рота туралы біз естідік. Мен өзім дәл осы ротада болған жоқпын. Бұл жағдай тәжік-ауған шекарасында Пшихавр шатқалынының маңында болды. Ерлікпен қаза тапқандарды әрдайым еске аламыз.

 

Бұл күні ескерткіш маңына ардагерлер, әскерилер мен оқушылар жиылды. Өскелең ұрпақ жауынгерлердің ерліктерін үлгі тұтуда.

 

Азамат Нұрғазиев,  № 6637 әскери бөлімінің сарбазы:

– Мен әскер қатарына 2012 жылдың маусым айында шақырылдым. Осы сарбаздардың ерлігіне қарап, отансүйгіштік сезімі жоғарылай береді.

 

Мына ескерткішке аттары қашалып жазылған қазақ жігіттерінің ерлігі ұмытылмақ емес. Шайқаста ажал құшқан жауынгерлердің бесеуі 2-дәрежелі «Айбын» орденімен, 12-сі «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалдарымен марапатталған. Бұл  олардың өжеттілігіне көрсетілген құрмет.

 

Инеш Шоқақова