Білім

Бұрынғы балабақшалардың ғимараттары мемлекетке қайтарылуда

 

Қазіргі таңда 3 пен 6 жас аралығындағы петропавлдықтардың 78,4 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Алайда мәселе мұнымен түбегейлі шешіліп отырған жоқ. Сондықтан кезінде балабақша болған ғимараттарды мемлекет меншігіне қайтару ісі қолға алынған. Бұл да қыруар қаражатты талап ететін іс.

 

Шолпан Қаринова, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Былтыр балабақшаларды қайтару үшін бюджеттен 140 млн теңге бөлінді. Жалпы 40-тан астам балабақша әр түрлі мақсатта қолданылған болатын. «Балапан» бағдарламасы басталғалы мұндай 4 балабақша қайтарылды.

 

«Арай» бөбекжай-бақшасының ғимаратында бұған дейін тұрғын үй болған. Ол мемлекет меншігіне қайтарылып, 9 ай бұрын бүлдіршіндердің игілігіне тапсырылды. Тура мақсатында қолданылмай келе жатқан мұндай ғимараттар әлі де баршылық.

 

Шолпан Қаринова, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Бүгінгі күні балабақшалардың ғимараттарында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ корпустары, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  орналасқан. Қазіргі таңда облыстық басқармалардың ұсыныстарын қабылдайтын боламыз.

 

Өйткені қазіргі таңда қала меншігінде бос ғимараттар жоқ.

 

Инеш Шоқақова