Қоғам

Қызыл кітапқа арналған фотокөрме

 

Гүлбану Ахметова, тілші:

-Көрмеге қойылған жан-жануарлар фотосуреттерінің бәрі Қызыл кітапқа енгізілген. Өйткені олардың саны сиреп кеткен. Мәселен сусары орманда мекен етеді. Оның өңірімізде 100-ге жуық түрі бар.

Және сусарылар 10 жыл ғана өмір сүреді екен. Бүгінгі  көрмеге ұйымдастырушылар елімізде сиреп бара жатқан жан-жануарлар мен өсімдіктердің 150 фотосуретін жайды. Мәселен, өсімдіктерден шолпанкебіс, жұпаршөптің түрлері сиреп барады, дегенмен Қызыл кітапқа енгізіліп, қазір ерекше қорғалады. Негізінен біздің елімізде омыртқалы жануарлардың 800-ден астам түрі бар. Ал, өсімдіктердің 5754-і кездеседі. Және дені ерекше қорғауды қажет етеді.

Людмила Фельк, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі:

-Осыдан 35 жыл бұрын басылып шыққан Қызыл кітаптың алғашқы санына тек омыртқалы жануарлардың 100-ден астам түрі енгізілді. Содан кейін олардың саны артып, өсімдіктердің де құрып бара жатқан түрлері жазылды. Негізі Қызыл кітап 4 рет басылып шықты, біздің бүгінгі көрмені ұйымдастырудағы мақсатымыз осындай сирек кездесетін жан-жануарлар мен өсімдіктерді жастар қорғаса дейміз.

Фотокөрмені тамашалауға қалалық бірінші мектептің 8 сынып оқушылары келді. Шәкірттер көрмеден көп мағлұмат алып, табиғатты қорғау керектігін түсінді.

-Көрме маған ұнады. Қызыл кітапқа енгізілген жан-жануарлар тұралы көп мағлұмат алдым.

– Сиреп бара жатқан жануарлар ерекше қорғалады екен. Мен олардың бәрі біздің табиғатымыздың байлығы деп ойлаймын.

“Біздің әлемді сақтаңыз” атты фотокөрмені жерлестеріміз 1 ай бойы қызықтай алады.

Гүлбану Ахметова