Қоғам

“Ана боламын” фотобайқауы

 

Байқауға қатысуға ниет білдірген жүкті әйелдердің фотосуреттері әлеуметтік желілерде жарияланған. Оқырмандар өздерінің көңілдеріне жаққан болашақ аналарға 1 айға жуық өз дауыстарын беріпті. Сөйтіп, 7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай қалалық әйелдер консультациясы “Ана боламын” байқауының қорытындысын жариялады. Осылайша бұл сында Дина Қожахметова топ жарды. Дина Қожахметова жуырда ғана ана атанды. Ол дүниеге шекесі торсықтай ұл әкеліпті. Сәбиіне Алан деп ат беріпті.

Дина Қожахметова:

-Ұйымдастырушыларға алғысымды айтқым келеді. Біз бұл сынға отбасымызбен арнайы дайындалдық.

Ал, Алевтина Степаненко «Билайн» ұялы байланысының сыйлығына ие болды. Алевтина жақын арада ана атанбақ.

Алевтина Степаненко:

-Мен дәрігерлердің кеңесін алып жүргенде осы байқаудың өтетінін білдім. Сөйтіп өз бағымды сынап көрейін деп, фотосуретімді жібердім.

Кез-келген адам әлеуметтік желіде жарияланған болашақ аналардың фотосуреттеріне дауыс беріп, өз жеңімпаздарын анықтады. Және оларды бүгін келіп құттықтап өз сыйлықтарын да тапсырды. Статистика бойынша былтыр облысымызда 8 681 сәби дүние есігін ашса, биыл қаңтар, ақпан айларында 1368 бала туған.

Гүлбану Ахметова