Қоғам

Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев азаматтарды қабылдады

 

Ауған соғысының ардагері Мұратбек Қожахметов балаларға алғашқы әскери дайындықтан сабақ береді. Ал, жуырда азаматтарды әскери қызметке дайындау туралы шыққан Үкімет қаулысында осындай оқу орталықтары жайлы еш мәлімет жазылмапты. Бұл Ауған соғысы ардагерінің мекеме жабылып қала ма деген күдігін тудырған. Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев оқушыларға патриоттық тәрбие беруде мұндай мектептің маңызын жоғары бағалап, мәселенің мән-жайын анықтайтынын жеткізді.

Мұратбек Қожахметов, Ауған соғысының ардагері, алғашқы әскери дайындық оқу орталығы директорының орынбасары: -Жастарды оқыту керек. Алғашқы әскери дайындық болу қажет. Депутат бұл жайында кейін жиналыс барысында қозғап, жауабын беремін деді.

Ал, ауған соғысының ардагері Игорь Волчков 5 жыл бойы мүгедектікке байланысты дәрігерлердің шешімін ала алмай жүр. 2 жыл бойы майданда болып, екі рет ауыр жарақат алған екен. Уақыт өткен сайын денсаулығы нашарлап барады.

Игорь Волчков, Ауған соғысының ардагері:

-Маған комиссия мүшелері сізді асырайтын әйеліңіз бен екі ер балаңыз бар деп жауап берді. Мүгедектікті бермей жатыр. Көмек сұрап келдім.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев Ауған соғысы ардагерінің бұйымтайы назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Заңға қайшы келе алмаймын, бірақ Сізге көмектесуім керек.

Бақытжан Ертаев облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Амангелді Дүйсекинге бұл мәселенің шешілуін бақылауға алуды тапсырды.

Данаш Хамзина