ТКШ

«Есіл су» есеп берді

 

Қазіргі таңда таза ауыз сумен өңірдің 203 елді мекені қамтылған. 11 аудан Булаев, Есіл, Преснов және Соколов топтық су құбырларына қосылған. Ұзындығы 2 678 шақырым бұл жүйе жыл сайын жөнделеді.

Мұрат Жантілеуов, «Қазсушар» РМК «Есіл су» филиалының бас инженері:

– «Есіл су» филиалы бүгінде облысымыздың 11 ауданын сумен қамтамасыз етіп отыр. Топтық су тарату құбырлары ескірген. Жөндеуді қажет етеді. Өткен жылы жалпы 1723 апат орын алған. 2010 жылдан бері бізде «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша қазір реконструкция жасалып жатыр.

Өткен жылы инвестициялық бағдарлама аясында кәсіпорында 21 миллион теңге игерілген. Атқарылған жұмыстардың негізгі бөлігі құбырларды жөндеу бағытында жасалған.

Елена Гусева, «Қазсушар» РМК «Есіл су» филиалы директорының орынбасары:

– Былтырғы жылы Замотаевка – Чистовское және Қызыл ағаш-Қиялы су таратқыштарын қостық, аса апатты учаскелелердің бірі Булаев және Преснов топтық су тарату құбырларын ауыстырдық, Преснов су тарату құбырында Новомихайловка сорғысында бақылау пункті орнатылды.

Сонымен қатар, жиын барысында тіршілік көзінің сапасы жайлы да сөз болды. Су тарату құбырларындағы қатаң қадағалаудың нәтижесінде тұтынушылардан ешқандай шағым түспеген. Ағымдағы жылы кәсіпорын елді мекендерді 3251 мың текше метр сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Ал судың 1 текше метрі үшін бағасы бұрынғыдай 40 теңге болып қалған.

Әспет Әбдірешова