Білім

Тіл – барлық білімнің кілті

 

Байқауға қатысушылардың бәрі жеңістен үмітті. Сәния Сансызбаева Жамбыл ауданындағы 2-ші Преснов орта мектебінің намысын қорғауда. 9 сынып оқушысы бұл байқауға тыңғылықты дайындалыпты. Және жеңіске жететініне сенімді. Өйткені, дәл осы мектептің оқушысы Әйгерім Ақылбай былтыр облыстық байқаудың жеңімпазы атанған. Ал, Мамлют ауданы Покров орта мектебінің 10 сынып оқушысы Нұрболат Нұрмолдин республикалық сында өңір намысын қорғау кез-келген адамға бұйыра бермейді дейді.  Республикалық байқаудың облыстық кезеңіне өзге тілдің бәрін біліп, өз тілін құрметтейтін 13 оқушы қатысып отыр. Олар 3 кезең бойынша білімдерін саралауда. Облыстық байқаудан сүрінбей өтіп, бас жүлдені жеңіп алған бір оқушы ғана өңір намысын республикалық деңгейде қорғамақ.

Гүлбану Ахметова