Құқық қорғау органдары

Қылмыстың алдын алу рейдтері

Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция қызметкерлері жыл басынан ұсақ бұзақылық жасаған – 100, кешкілік уақытта көше кезген 200-ге жуық жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырған. Қоғамдық орындарда мас күйде жүрген, рұқсат етілмеген жерлерде спирттік ішімдік ішкені үшін 1000-нан астам қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнде шу көтергендер де заңнан құтылмайды. Оларға қатысты жиылған құжат 400-дің үстінде. Бұл тәртіп сақшыларының облыс орталығында жүргізген рейд барысында анықталған фактілер. Осындай шара өткен сәрсенбіде де ұйымдастырылды. Рейд барысында полиция қызметкерлері қылмыстардың алу мақсатында азаматтармен түсіндіру жұмыстарында жүргізіп, оларға заң сақтау талаптары жайында мағлұмат берген. Мұндай рейдтер алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Мақсат қылмыстардың алдын алу.

Самат Есмағи