Құқық қорғау органдары

«Stop Қылмыс»

 

«Stop Қылмыс» республикалық акциясы ақпан айында басталыпты. Аталған шара шағын заңбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Жол сақшылары мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері көпшілікті тәртіпке шақырып үнпарақтар таратып жүр. Онда қоғамдық орындарда темекі тұқылы немесе қоқыс тастау сынды әрекеттерден аулақ болу туралы жазылған.

Асхат Гумиров, «Жасыл ел» отрядының менеджері:

– Республикалық акцияның шеңберінде «Жасыл ел» отряды «Эко сақшы» жобасын қолға алды. Ол адамдардың қоршаған ортаға бей-жай қарамауына бағытталған.

 

Шағын заңбұзушылықтарды анықтауға бағытталған осындай рейд шаралары қалада жиі өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері облыс орталығында қоғамдық тәртіпті сақтамаған 1000-ға жуық автокөлік жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жол бойына көліктен қоқыс тастағандарға жыл басынан 500 мың теңге көлемінде айыппұл салыныпты.

Андрей Ткаченко, СҚО ІІД жол полициясы батальон штабының бастығы:

– Жол бойына қоқыс тастағаны үшін көлік жүргізушілеріне 1-ден 5-ке дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл әкімшілік заңның 485-ші бабында жазылған.

«Stop Қылмыс» акциясы “Нұр Отан” ХДП бастамасымен ұйымдастырылған.

Әспет Әбдірешова