Білім

Гюллу Гасанова – қазақ тілінің білгірі

 

Бұлайша оқушылар мен мұғалімдердің жиналуы тегін емес. Олар республикалық олимпиадада жүлделі орындарды алып келген шәкірттерін құттықтауда. Республикалық олимпиада жаратылыстану-математика және гуманитарлық бағыттар бойынша өткен. Білім саралайтын сынға бірінші лицейден 10 оқушы аттаныпты. Оның тек 3-еуі ғана жеңімпаз атанды. 10 сынып оқушысы Гюллу Гасанова 2-ші орынға ие болыпты. Гюллудің республикалық сайыстарға қатысуы алғаш рет екен. Ал қалалық, облыстық байқауларда әрдайым бас жүлдені жіберген емес. 11 сыныпты бітіргелі тұрған Александра Назаренко болса, республикалық олимпиадада үшінші орынды иемденді. Және ол Астана қаласында тегін оқу грантын да жеңіп алды. Александра бұл мектеп бітіруші түлек үшін үлкен жетістік екенін жасырмады. Бірінші жалпы білім беретін лицейде 800-ден астам оқушы білім алады. Биыл олардың 33-і мектепті тәмамдағалы отыр. Тек екеуі ғана алтын белгіге үміткер.

Оксана Новыкова, Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

-Мектепте оқушыларымыз үшін барлық жағдай жасалған. Және оларды осындай ұйымдастырылып тұратын олимпиадағаларға жиі қатыстырып тұрамыз. Бұл жолы мектептен 7  оқушы жаратылыстану-математика, ал 3-еуі гуманитарлық бағыттар бойынша білімдерін сынады.

Республикалық олимпиада Тараз қаласында өткен. Оған гуманитарлық бағыт бойынша 600-ге жуық оқушы қатысыпты. Және өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тіл бойынша сайысыпты.

Гүлбану Ахметова