Балалар

Балалардың психологиялық саулығы

 

Жасөспірімдердің мінез-құлқын дұрыс қалыптастыру- барлығына ортақ проблема. Балалар құқығын қорғау департаментінің қызметкрелері осы бағытта жасөспірімдермен 1 ай бойы жұмыс жасады. Олар мектеп оқушыларының арасында интернет-конференция, қайырымдылық акциялары мен көрмелер ұйымдастырды.

Ольга Черепанова, СҚО балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы:

– Балалардың өзгелермен қарым-қатынасында көптеген қиындықтар туындайтыны жасырын емес. Сондықтан да олармен әрдайым жұмыс істеу керек. Өмірде өз орнын табуға жол көрсету қажет.

Баланы – жастан дейді халқымыз. Өскелең ұрпаққа уақытында дұрыс бағыт-бағдар бермесе, олардың теріс жолға түсіп кетуі әбден мүмкін. Сондықтан қайырымды ұрпақ тәрбиелеу үшін мұғалімдерге ата-аналар да қол ұшын берулері керек. Шара барысында ұйымдастырушылар мектеп оқушыларының арасында психикалық жағдайды көрсететін тестілеуді де өткізіпті.

Замзагүл Тұрлыбекова, Петропавл қаласы білім бөлімінің әдіскері:

– 7 мыңнан астам оқушыны қамтыған психодиагностика жүргізілді. 734 тәрбиеленушіге жеке кеңес берілсе, 183 тренинг ұйымдастырылып, оған 2,5 мың жасөспірім тартылды. Олармен 100 пайыз педагогтар жұмыс істеді.

Облысымызда мұндай айлық соңғы 5 жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда.

Гүлбану Ахметова