Қоғам

Мұрағатшылар байқауы

 

Биыл «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» ҚР заңына – 15 жыл. Осы айтулы датаға байланысты Астанада ұйымдастырылған мұрағатшылар арасындағы байқау ел көлемінде бірінші рет өткізіліпті. Сайыста Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік мұрағатының намысын оның 3 қызметкері қорғаған.

Бибігүл Маметова, Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы:

– СҚО намысын қорғауға республикалық сайысқа барып келдік. Республиканың түкпір-түкпірінен келген мұрағатшылармен танысып, пікір алмастық. Осы сайыстан жүлделі орынмен оралдық.

 

Наурыздың 27-сінде өткен сайысқа еліміздің 6 қаласының мұрағатшылары қатысқан. Құнды құжаттар мен тарихи деректерді сақтап жүрген жергілікті мұрағат ұжымы бұл додада екінші орыннан көрінген. Бірінші орын Қарағанды қаласына бұйырды.

 

Сәуле Мәлікова, Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік мұрағатының директоры:

– Мұрағатшылар өздерінің мұрағаттарының даму тарихы, құжаттардың көлемі, олардың мазмұны жөнінде сайысқа түсті. Сайыс үш кезеңнен түрды. Оның барысында біз СҚММ-дағы 500 мың құжаттың көлемі жөнінде айтып кеттік. 18-ғасырдың орта кезеңінен осы бүгінгі күнге дейін сақталған құжаттардың келесі ұрпаққа маңыздылығын айтып өттік. Сонымен қатар мұрағаттың қаншалықты маңызды екендігінен хабардар еттік.

 

90 жылдық тарихы бар Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік мұрағаты еліміздегі көне мекемелердің бірі. Бүгінде мұндағы 1431 қорда 554 мың іс-құжат сақталған.

 

Әспет Әбдірешова