Спорт

Мемлекеттік қызметшілер жарысы

Суда жүзуден облыстық жарысты қыз-келіншектер  бастап берді. Олар 25 метрді бағындыруда. Қаржы саласында жұмыс істейтін Татьяна Лещенко мұндай жарыстарға ұдайы қатысып тұрады екен. Сондықтан да тәжірибем мол дейді. Мемлекеттік қызметші осы жолы жеке-дара суда жүзуде бірінші болып мәреге жетті. Оның көрсеткіші – 22,74 секунд.

 

Татьяна Лещенко, СҚО қаржы басқармасының бөлім бастығы:

– Мен жарысқа 7 жыл қатарынан қатысып келемін. Былтыр біздің команда екінші орынға ие болды. Биыл бірінші орыннан көрінеміз деп ойлаймын.

 

Бұдан кейін кезек ер адамдарға тиді. Олар суда жүзуден 50 метрді бағындырды. Алтай Сейітов облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында қызмет етеді. Жарысқа жылда қатысамын дейді. Спорт денсаулықты шыңдайды. Одан кейін мемлекеттік қызметшілерден жасақталған 11 команда құрама болып эстафетада сынға түсті. Сөйтіп мемлекеттік қызметшілер арасындағы жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы еншіледі. Екінші орынды қаржы басқармасы місе тұтса, үздік үштікті туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қорытындылады.

Гүлбану Ахметова