Билік

Облысқа жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев келді

 

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев алдымен аудандағы “Нұрсан Агро” серіктестігіне соқты. Олар бүгінгі таңда етті-сүтті ірі қара өсіру бағытында жұмыс істеп жатыр. Мал басы – 718. Олардың тәуліктік салмақ қосуы шамамен 800 грамды құрайды. Шаруашылық жұмысымен танысу барысында делегация өкілдері сауын цехы, қысқы-жазғы мал қоралары, бұзаулау орындарын аралап көрді. Шаруалармен әңгіме барысында Бақытжан Сағынтаев өңіріміздің өткен жылы қол жеткізген жетістіктерінен құлағдар болды. Өңіріміз бойынша саудаға жіберілген еттің салмасы 95 мың тоннаға жуық болса, сүт 436 мың тоннаны құраған. Елордалық мейманмен әңгіме барысында жұмабаевтықтар өздерінің көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған нақты жауаптар алды. Солардың бірі Николай Сафонов. Ол ірі қараны Ресейден сатып алған. Бірақ субсидия берілмеді дейді.

Николай Сафонов, “Куломзино” ШҚ басшысы:

-Түмен облысы шекарасынан 5 шақырым жерде тұрамын. Оларда 3 асыл тұқымды репродутор бар. Ондағы герефорд сиырлары Еуропадан әкелінген. Шаруашылықтан құнажындарды сатып алуға болады. Алайда субсидия берілмейді екен.

Бақытжан Сағынтаев субсидияға тек шетелдерден сатып алынған малдар ғана ілінетіндігін атап көрсетті. Егер де шаруашылықтар Ресейдің табиғатына бейімделген асыл тұқымды ірі қаралар сатып алатын болса, оларға қаржылай қолдау көрсету жағы да шешімін тауып қалуы ықтимал.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

– Егер шағын шаруашылықтардың Еуропа, Америкаға баруға шамалары келмей жатса, онда оларға көршілес Ресейден мал алуларына қолдау танытып, белгіленген сомадан шамамен 5 пайыздық жеңілдік көрсетуге болады.

Көмек қолы созылады, бірақ ресейліктерге бәсеке бола алатын өзімізде де асылтұқымды репродуктор құру да ойда болу керек деді Бақытжан Сағынтаев. Бұдан соң делегация өкілдері “Булаев астық” серіктестігінің өткен жылы іске қосылған элеваторында болды. Бұл жерде Премьер- министрдің бірінші орынбасары көктемгі дала жұмыстарына әзірлік барысымен танысты. Шаруашылық осы жылы 22 мың гектар жерге дәнді дақыл сеппек.

Павел Рафальский, “Вишневское” ЖШС директоры, Тайынша ауданы:

-Ресейлік әріптестеріміз бізге қызыға қарайды. Сіздерге мемлекет тарапынан көрсетілетіндей көмек бізде болса, ісіміз алға басар еді дейді. Біз өз кезегімізде Елбасының сенімін ақтауға тырысамыз.

Шын мәнінде соңғы жылдары өз ісін дамытамын деген отандық ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау бар. Ол алдағы уақытта да жалғасын табады дейді вице-премьер.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

-Бұл көмектің барлығы Елбасының тапсырмасы бойынша көрсетіліп жатыр. Оны өздеріңіз де айқын сезініп отырсыздар. Мал шаруашылы, бизнесті қолдауға бағытталған қаржыға қызығушылық танытпау үлкен күнә деп ойлаймын.

Ауданға  сапары соңында Бақытжан Сағынтаевтың аялдаған соңғы нүктесі “Булаев қалалық коммуналдық шаруашылығы” болды. Кәсіпорын аудан орталығын толығымен таза ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Құбырлар жүйесінің жалпы ұзындығы 47 шақырымды құрайды.

Владимир Бубенко, М.Жұмабаев ауданының әкімі:

-Булаев қаласында 3650 баспана бар. Олардың 50 пайызында су пәтерлерінде ағып тұр. Қалғандары да тіршілік көзін үйге өткізуге өтініш беруде.

Бақытжан Сағынтаев бұл бағыттағы жұмысты бәсеңдетпеу керектігін тілге тиек етті. Халықты сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған негізгі міндеттерінің бірі.

Самат Есмағи