Бизнес және экономика

Мультивалюталық депозит

 

 

Светлана Зубарева – «Альянс банктің» тұрақты клиенті. Жеке кәсіппен айналысатын нәзік жанды 5 жылдай қаржы институтының қызметтерін пайдаланып келеді екен. Өте ыңғайлы, әрі қызметкерлер де жақсы қарсы алып, көмекке, қол ұшын беруге даяр тұрады дейді ол.

 

Светлана Зубарева, кәсіпкер:

Бұл банктің клиентімін. Депозит аштым. Мұнда жылдық тиімді мөлшерлеме 9 пайыз. Ол мен үшін қолайлы. Сапалы қызмет көрсетеді, мереке күндері құттықтауды да ұмытпайды.

 

Бүгінде қаражатты сандықта сақтай алмайсың. Бұл қолайсыз әрі қауіпті. Онымен қоса инфляцияның ықпалымен көп жылдар жиып-терген қомақты қаржыңыз құнсызданып қалуы да мүмкін. Сондықтан қазіргі уақытта басты тәуекелге тікпей, ақшаны банкте сақтаған дұрыс. Заман талабына сай «Альянс банкі» мультивалюталық депозит ашу мүмкіндігін ұсынып отыр.

 

Ермек Құсайынов, «Альянс Банкі» АҚ СҚОФ директорының бөлшек бизнес бойынша орынбасары:

– «Альянс Депозит» салымды бір мезетте теңге, АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі түрінде ашуға мүмкіндік береді. Салымның ең аз мөлшері 15 мың тг. Сыйақы да жоғары. Біздің банкте клиенттер ақшаларын сақтап қана қоймай, оның көлемін де ұлғайтады.

 

Аяғына нық тұрған «Альянс банкі» бүгінде бәсекеге қабілетті. Сондықтан бұл жерге салған ақшаны жоғалту екіталай. Өйткені аталған қаржы институты мемлекеттік кепілдендіру жүйесіне қатысады екен.

 

Ермек Құсайынов, «Альянс Банкі» АҚ СҚОФ директорының бөлшек бизнес бойынша орынбасары:

-Біздің банк мемлекеттік кепілдендіру жүйесіне қатысып отыр. Яғни 5 миллион теңгеге дейінгі салымшылардың қаражаттары мемлекеттің кепілдігімен қамтылған.

 

«Альянс Банкі» өз қызметтерін ұсынғанда клиенттердің қамын ойлап, оларға ыңғайлы болуын көздейді. Салымшылар қашықтықтан пластикалық карточканы рәсімдеп, интернет-банкингпен пайдалана алады. Осылайша қаржы институты азаматтардың өз ақшасын тәулік бойы қажеттілігіне жаратуына жол ашып отыр.

 

Айдана Демесінова