Экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Қоғам

14:03 28 Наурыз 2013

Семинардың мақсаты – өскелең ұрпақты экстремизм мен терроризмнен бойды аулақ ұстауларына үйрету. Ол үшін мұғалімдердің бұл реттегі біліктілігі жоғары болуы керек дейді жиынды ұйымдастырушылар. Өйткені қазіргі қоғамымызда теріс жолға түсіп, түрлі ағымдарға беріліп жататындардың дені жастар.

Лидия Грабарь, “Basis” ҮЕҰ Ресурстық орталығы” ҚБ төрағасының міндетін атқарушы:

-Семинар өткізудегі мақсатымыз жастармен терроризм және экстремизмнің алдын алу тұрғысында жұмыс жүргізетін мамандарға тәжірибелік көмек беру. Одан ұстаздар қауымы өздеріне мол мағлұмат алады деп ойлаймын бала тәрбиесіне қатысты.

Аға буын өкілдері арасында дінге сенушілер 80 пайызды құраса, жастар арасында бұл көрсеткіш 90 пайыздан асып жығылады. Ол арнайы жүргізілген сауалнама арқылы анықталған. Бір айтары өскелең буын арасындағы сұрақ -жауап жоғары сынып оқушыларынан алынған. Түрлі діни ағымдарға беріліп жататындар да осылар.

Максим Доценко, “Прозрение”Көз жету” ҚБ төрағасы:

– Менің міндетім оқытушылармен бірлесіп олардың жұмыс істейтін орталықтарында экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған заманауи жаңа моделін құру. Ол түрлі тақырыптарды қамтиды. Соның бірі ғаламторда арнайы сайттар ашу.Сол арқылы жастарға ақыл-кеңес, дұрыс бағыттар беру.

Теріс діни ағымға түсіп, олардың жыртысын жыртамын деп түрмеге қамалғандар саны жыл санап артып келеді. Жаңсақ басып, темір тордың ар жағында жазаларын өтеп жатқандардың жастары 18 – 27 аралығындағы. Біздің өңірімізде осы іс бойынша айып тағылып, сотталғандар -18 адам. Олардың барлығы өзге облыстардың тұрғындары екен.

Самат Есмағи

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлдықтар “Географиялық диктант – 2019” акциясына қатысты
Ұлттың тірегі де, алтын арқауы да – қазақтың әжелері
“Жас кәсіпкер” бағдарламасының жүзеге асуы
Петропавлда шағын саябақ пайда болды
Әскери-техникалық мектептің түлектері ант қабылдады
Облыс орталығында жүзім фестивалі өтті
2020 жылдың 3-ші қазанынан кейін ескі банкноттарды айырбастау аяқталады
Жуырда ашылған “Асыл мирас” аутизм орталығының жұмысы
Герольд Бельгердің туғанына – 85 жыл
Шаһарда ішіктер жәрмеңкесі жалғасуда
“Үздік техникалық жобалар” байқауының облыстық кезеңі өтті
Балаларға көңілді кеш ұйымдастырылды