Құқық қорғау органдары

Қылмыстық істер көбейді

Өңіріміздегі қылмыстық жағдай мәз емес. Биыл заңның ала жібін аттау өткен жылмен салыстырғанда 33,3 пайызға өскен. Осылайша жыл басынан СҚО бойынша қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соттың қарауына 24 іс түсіпті. Оның  дені адамның өмірін қию, есірткі затын сату немесе тасымалдауға қатысты екен.

 

Бауыржан Баймұрзин, СҚО қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соттың төрағасы:

-2013 жылы  ҚР ҚК 96 бабына сәйкес, яғни адамды өлтіру фактісі бойынша 15, естірткі немесе психотропты заттарды тасымалдау, сату бойынша – 5 және контрабандаға қатысты 2 қылмыстық іс келіп түсті.

 

Биыл сотта «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге жол бергендер  салық жинаушылар мен қала әкімдігі қызметкерлерінің ісі де қарастырылуда. Күдіктілер 1 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырған көрінеді. Олар 5 жыл бойы бір жүйе бойынша оңай жолмен ақша тауып отырған. Әзірге аталған іске қатысты үкім шығарылған жоқ. Іс алдағы уақытта да сотта қаралмақ. Соңғы жылдары алқабилердің қатысуымен сот отырысын өткізу кеңінен қолданылып келеді.

 

Бауыржан Баймұрзин, СҚО қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соттың төрағасы:

-2012 жылы алқабилердің қатысуымен 11 қылмыстық іс қаралды. Ал осы жылдың басынан алқабилердің көмегімен 6 іс қаралды. Нәтижесінде 1 адам ақталыпты.

 

3 айдың ішінде ауданаралық мамандандырылған сотта 18 іс қаралыпты. 15-і бойынша  үкім шығып, 17 тұлға бас бостандығынан айырылды.

 

Айдана Демесінова