Қоғам

“Қазақстан заңгерлері қоғамының” облыстық филиалы құрылды

 

Елімізде “Қазақстан заңгерлерінің қоғамы” республикалық бірлестігін құру туралы шешім  былтырғы жылдың 16 мамырында Астанада өткен құрылтай съезінде қабылданған болатын. Оның жұмысы Елбасы жолдауында көрініс тапқан тапсырмалар, сонымен қатар 2010-2020 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.

 

Гүлбақша Мұсабаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ құқықтану кафедрасының доценті:

-Қазіргі уақытта жаңа құқықтық мемлекет қалыптастыру үшін бізге жаңа құқықтық сана-сезімді дамыту керек. Жаңа сапамен құқықтық сауаттылықты көтеру керек.Құқықтық мемлекетті құру керек. Заң халық үшін жазылу керек, халық үшін орындалу керек.

Аталмыш қоғам алдымен еліміздегі заңдылық пен құқықтық саланы нығайтуға мүмкіндік берсе, екіншіден Қазақстанды құқықтық мемлекет ретінде танытуда қызмет атқармақ. Ұйым осы мақсатпен құрылған. Ендеше оның аймақтарда да филиалдары болу шартты. Ол жергілікті жердегі жағдайды реттеу үшін қажет. Өңірімізде жаңадан құрылған құзырлы органға әділет департаментінің бастығы төрағалық ететін болады.

 

Ернар Сейдімбеков, СҚО әділет департаментінің бастығы:

-Елбасының республикалық заңгерлер съезіндегі хатында осы ұйымды құру туындайтын мәселелерді тиімді шешуге жол береді, осы орайда жасалатын ұсыныстар тәжірибеде қажет болады, біздің елімізде құқық  заңдылығы нығайтуға себін тигізеді делінген.

 

Жиында сондай-ақ “Қазақстан заңгерлерінің қоғамы” республикалық бірлестігі облыстық филиалының кеңес мүшелері бекітіліп, тексеру комиссиясының тізімі нақтыланды. Оған мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдардан ұсынылған кандидаттар сайланды. Өкілдердің барлығының құқық саласына тікелей қатысы бар.

 

Самат Есмағи